Skip to main content
Newsroom Fact sheet

"Ашық қоғам" қорлары Қазақстанда

Сорос-Қазақстан қоры (СҚҚ) өз қызметін Алматыда 1995 жылы Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған уақыттан 4 жылдан кейін бастады.

Қордың алғашқы жобалары «Ашық қоғам» қорларымен 1990 жылдары посткеңестік елдерде құрылған өзге қорлар сынды ондаған жылдар бойы қалыптасқан коммунистік басқарудан жаңа ойлау жүйесіне көшу үдерісіне атсалысуға бағытталған болатын.

Өз жұмысының алғашқы жылдарында Қор үкіметке денсаулық сақтау және білім беру салаларын реформалауға, яғни олардың қызметі жеке тұлғалардың қажеттіліктеріне қарай ауысуына көмектесті. Сонымен қатар, Ашық қоғам стипендиялары жүздеген Қазақстан студенттеріне Еуропа және АҚШ университеттерінде білім алуға және елге жаңа білім мен тәжірибемен оралуға мүмкіндік берді.

Бүгінде Қорды Қамқоршылар кеңесі басқарады. Оның құрамына елдің беделді қоғам қайраткерлері кіреді. Осы кеңестің басшылығымен қор елімізде ашық қоғам құндылықтарын насихаттап, адам құқықтарын қорғау, мемлекеттік қаржының ашықтығы мен есептілігі, сонымен қатар тәуелсіз БАҚ пен белсенді азаматтық қоғамды дамытуға септігін тигізу бойынша жобаларға қолдау көрсетеді.

Қазақстанда өз қызметін бастаған уақыттан бері Сорос-Қазақстан қоры 100 миллионға жуық АҚШ доллары мөлшерінде гранттық қаражат бөлді

СОРОС-ҚАЗАҚСТАН ҚОРЫ ЖӘНЕ АШЫҚ ҚОҒАМ ҚОРЛАРЫ ТУРАЛЫ 9 МӘЛІМЕТ

  1. Қазақстанда «Ашық қоғам» институтымен дайындалған және қаржыландырылған Step by Step бағдарламасының қолдауымен 1996 жылдан бастап 50 000-нан астам бала мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, бастауыш сыныптарында оқу мүмкіндігіне ие болды.
  2. 1998 жылы Қор қолдауымен негізі қаланған «Сорос-Алматы заманауи өнер орталығы» Қазақстан суретшілерінің жұмыстарын бүкіл әлемге танытқан және еліміздің өнер қайраткерлерінің басын біріктірген алаң болды.
  3. Қор журналистика саласында білім беру жобаларын қаржыландыру арқылы тәуелсіз БАҚ-тарды қолдап келеді. Бүгінде 2005 жылдан бері 700-ге жуық журналист оқудан өтті.
  4. Жазылмайтын ауруға шалдыққан жандарға күтім көрсету мәселесіне «Ашық қоғам» институттарының басым деңгейде назар бөлуі 2013 жылы ел үкіметі тарапынан паллиативті көмек көрсетудің ұлттық стандарттарын қабылдау шешіміне түрткі болды.
  5. Қордың ҮЕҰ, өндіруші өнеркәсіп және үкімет арасындағы ынтымақтастықты қолдауы арқасында 2005 жылы Қазақстан Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасына (ИПДО) қосылды.
  6. 2011 жылдан бастап СҚҚ қолдауымен елімізде бюджеттің ашықтығы мен қоғамның жергілікті деңгейде бюджет процесіне қызығушылық таныту деңгейін жергілікті бюджеттің ашықтық индексі арқылы бағалай бастады.
  7. 2008 жылы СҚҚ қолдауымен жасөспірімдерге қатысты арнайы әділ сот жүйесі дайындалды. Бұл Қазақстанда құқықтық жүйесінің дамуының маңызды межесі болды.
  8. 1996–2004 жылдары СҚҚ «Дебаттар» бағдарламасын жүзеге асырды. 2020 жылы бұл бағдарлама жалпыұлттық «Ұшқыр ой алаңы» оқушылар дебат қозғалысы жобасының негізін қалады. Енді ел мектептері мен ЖОО-ларда дебат орталықтары мен клубтары құрыла бастайды.
  9. Қорда 2011 жылдан бері қоғамдық саясат, мемлекеттік қаржының ашықтығы, адам құқықтарын қорғау және медиа саласында сарапшылардың әлеуетін дамыту бойынша бірқатар жобалар бар. Бүгінде елімізде 300-ден астам түлек жұмыс істеуде.

Download

Subscribe to updates about Open Society’s work around the world

By entering your email address and clicking “Submit,” you agree to receive updates from the Open Society Foundations about our work. To learn more about how we use and protect your personal data, please view our privacy policy.