Ашық Қоғам Қорлары Және Джордж Сорос

Ашық Қоғам Қорлары Және Джордж Сорос

Download Files

Download this information as a fact sheet in Kazakh.
78.76 KB pdf

Ашық қоғам қорларының негізін Джордж Сорос қалады. Ол 1984 жылдан бері қаржы нарықтарында тапқан 14 миллиард доллардан қаражатын қайырымдылық мақсатында жұмсаған әлемдегі белгілі филантроптардың бірі.

Ашық қоғам бүкіл әлем бойынша сөз бостандығы, ашықтық, үкіметттің есеп берушілігі, әділеттілік және теңдікті қолдайтын қоғам үшін күресетін адамдар мен ұйымдарға қолдау көрсетеді. Қайырымдылық қолдау негізінен тек өз болмысы үшін кемсітушілікке тап болатын топтарға, мысалы, Еуропадағы Рома ұлт өкілдеріне және қоғамның басқа да шетке ысырылған топтарына бағытталды.

Сорос мұндай төзімсіздікті тікелей өз басынан кешірді. 1930 жылы Венгрияда дүниеге келген ол, нәтижесінде 500 мыңнан астам венгриялық еврейлер өлтірілген нацистік оккупациядан аман қалды. 1947 жылы коммунистер билікті қолға алған кезде, Сорос Будапешттен Лондонға көшіп кетті. Кейін Америка Құрама Штаттарына қоныс аударып, қаржы және инвестициялар әлемінде өз әл-ауқатына қол жеткізе алды.

Сорос өзінің қайырымдылық қызметін 1979 жылы нәсілдік оқшаулаудағы оңтүстік африкалықтарға шәкіртақы тағайындаудан бастады. Сексенінші жылдары ол коммунистік Венгриядағы идеялардың ашық алмасуына жәрдемдесті; Берлин қабырғасы құлағаннан кейін ол Шығыс пен Орталық Еуропадағы демократиялық тәжірибелер мен институттарды нығайтуға тырысты.

Қырғи-қабақ соғыс аяқталған соң ол қайырымдылық әрекетін АҚШ, Африка және Азия мемлекеттерінде есептілікті құрмет тұтатын ашық және демократиялық қоғам құруға бағытталған жобаларға қолдау көрсету арқылы кеңейтті.

9 Ашық Қоғам Қорлары Туралы Факті

  1. Бүгінгі күні Қорлар желісі құрамына әрқайсысында жергілікті мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін атқарылатын жұмысты бақылайтын және қаржыландыру басымдықтарын бекітетін Қамқоршылар кеңесі жиырма үш ұлттық және аймақтық қорлар кіреді

    .

  2. Бірінші қор 1984 жылы Венгрияда, ал соңғысы Мьянмада 2016 жылы ашылды.
  3. Ашық қоғам Қорлар бюджетінің 33%-ын серіктес ұйымдардың басым бөлігінің тәуелсіздігін және тұрақты қаржылық негізін қамтамасыз ету мақсатына жұмсайды.
  4. Ашық қоғам Қорлары Билл мен Мелинда Гейтс қорынан кейінгі екінші орында тұрған қайырымдылық қоры. Бұндай қорлар құру дәстүрі Эндрю Карнеги, Рокфеллер мен Форд сынды ауқатты бизнесмендер мен әулеттерден бастау алады.
  5. Ашық қоғам Қорлары Еуропаның Рома ұлты өкілдеріне қолдау көрсететін жеке қайырымдылық қорлардың ең ірісі болып табылады.
  6. 1993 жылдан бастап біз бұрынғы Югославия елдеріндегі соғыс кезінде, әсіресе қоршаудағы Сараевоға гуманитарлық көмек көрсету және қалпына қайта келтіру шараларын жүзеге асыру мақсатында ондаған миллион доллар жұмсадық.
  7. Біз АҚШ-та 1996 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Біздің АҚШ- тағы бағдарламаларымыз қылмыстық сот төрелігі жүйесін және есірткі заңын реформалауды қолдау, демократиялық қатысуды күшейту және гуманитарлық иммиграциялық заңдарды қолдау жобаларымен бюджетіміздің шамамен 17%-ын құрайды.
  8. Ашық қоғам Қорлары басқа қорлар араласпауға тырысатын қайшылықтар тудыратын мәселелер бойынша қоғамдық пікірталасқа әрдайым өз үнін қосып отырады. Біз өздерінің болмысы үшін қоғамнан аластатылған адамдармен жұмыс істейтінімізді мақтан тұтамыз.
  9. Ұйымымыздың атауы қорымыздың негізін салушыға әсер еткен Карл Поппердің философиясымен үндес. Оның «Ашық қоғам және оның қарсыластары» кітабында Поппер былай дейді: «Ешбір философия немесе идеология шындықтың ақырғы төрешісі емес және қоғамдар демократиялық басқаруды, сөз бостандығын және жеке құқықтарды құрметтеуге мүмкіндік берген кезде ғана гүлдене алады».